Ол киік санын реттеу өзекті мәселе екенін жеткізді
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстанда киіктерді атуға рұқсат берілетінін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, биыл 80 мың киікті ату көзделген.
Бионегіздеме аяқталды. Ғалымдар киіктердің санын реттеу керегін айтады. Бұл Орал популяциясына қатысты. Қазір олардың саны 800 мыңнан асады. Енді олардың шамамен 10%-ын реттеу керек, бұл 80 мың бас… Бүгінде БҚО-да киіктер тек жайылым аумағына ғана емес, егістік алқабына кіріп жатыр. Бұл – проблема, - деді министр Мәжіліс отырысынан соң.