Halyq Uni логотип
×

Ресей Украина қалаларын таң азаннан атқылаудың астына алды

Қаза тапқан адамдар үйіндіден шығарылып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 29.06.2022 | 13:23
Ресей Украина қалаларын таң азаннан атқылаудың астына алды
фото: iz.ru

Бүгін Украинаның Николаев пен Днепр қалалары таңертеңнен бері Ресей қарулы күштерінің атқылауының астына қалды.

РФ әскері таң бозынан Николаев пен Днепр (бұрынғы Днепропетровск) қалаларын артиллериядан атқылады. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Николаевта көпқабатты тұрғын үй қирады. Соның кесірінен 3 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды. Днепр қаласында автокөлік кәсіпорны қирандыға айналды. Ол жерде 2 адам қаза тапты.

Ресей әскері Кременчуг қаласындағы «Амстор» сауда орталығын зымыранмен атқылағаннан кейін тіпті күшіне мініп, атқылауды тоқтататын емес. Бұған дейін ел астанасы Киевте таң ата үлкен жарылыс болған еді. 26 маусымда таңғы 06.20 сағат шамасында алғашқы жарылыстар естіле бастап, Ресей ракетасы 9-қабатты үйдің жоғары жақтарын қиратқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама