×

Айға қай елге тиесілі екені белгісіз зымыран соғылды

АҚШ астрономы оны Қытайдікі деп жобалап отыр

 Еркеғали Болатұлы 29.06.2022 | 11:38
фото: дереккөз

4 наурызда NASA 2015 жылдан бері бақылап келген зымыран Айға соғылды. Әзірге зымыранның қайдан ұшырылғаны белгісіз деп хабарлады CNN.

Болжам бойынша, зымыран 2014 жылғы Қытай миссиясымен байланысты болуы мүмкін. Алайда Қытай зымыранның «Жер атмосферасына сәтті кіріп, жанып кеткенін» мәлімдеген.

Ғарыштағы нысандарды бақылауға арналған бағдарламаны жасап шыққан астроном Билл Грей зымыранның траекториясын бірінші болып байқаған. Бастапқыда ол АҚШ-тың ғарыштағы климаттық обсерваториясы ұшырған SpaceX Falcon немесе DSCOVR ғарыш зымыранының бір бөлігіне ұқсастырған. Бірақ кейін өзінің қателескенін мәлімдеген.

Астрономның айтуынша, нысан – қытайлық «Чанчжэн-3С» зымыранының үшінші бөлігі. Сонымен қатар ол Қытай зымыран ұшырғанын хабарлап, мұны теледидар арқылы көрсеткенімен, зымыранның бағытын жарияламайтынын еске салды.

Зымыран Айға соғылған соң 16 және 18 метр болатын екі кратер пайда болған. Олар бірге шамамен 28 метр болатын шұңғыма түзеді.

«Бұл зымыранның шеті ауыр болғанын көрсетеді. Әдетте бос зымыранның салмағы тек қозғалтқышында болады. Ал өзге орында тек бос жанармай багы орналасады», - делінген NASA хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама