×

Екібастұзда суға түсуге барып, жоғалған жас жігіттің мәйіті табылды

Ол 25 маусымнан бері табылмаған

 Дастан Жұмабекұлы 29.06.2022 | 11:08
фото: Tengrinews.kz

Бұл туралы «Vita» Павлодар іздестіру жасағы мәлімдеді.

25 маусымда 2004 жылы туған жас жігіт танысымен суға шомылуға кетіп, содан оралмаған. Жағалауда досын бір сағат күткен ол бірге келген адамның жоғалып кеткені туралы ешкімге айтпастан үйіне кетіп қалған. Ал жас жігіттің заттары мен киімі жағалауда қалған.

Бізге жақындары іздеуге көмек сұрап сол күні түнгі сағат 00.00-ден кете хабарласты, – деп жазады еріктілер.

18 жастағы жас жігітті іздеу үш күнге созылды. Еріктілер бүгін оның денесі судан шығарылғаны туралы хабарлап, жақындары мен отбасына көңіл айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама