71 өндірістік нысанның техникалық жабдықталуы мен қауіпсіздігі толық қаралған
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі өндірістік қауіпсіздік комитетіне қарасты облыстық департамент өкілдері мәлімдеді.
Мамандардың айтуынша, Түсіп Күзембаев атындағы шахтаға жүргізілген тексеріс кезінде көптеген қауіпті өндіріс нысандары мен тозығы жеткен техникалық құрылғылар анықталған.
Тексеріс барысында кеніштегі 71 өндірістік нысанның техникалық жабдықталуы мен қауіпсіздігі толық қаралған. Компанияға айыппұл салынды.