×

Тағы бір компания мемлекет меншігіне өтті

«GPC Investment» компаниясы «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның балансына беріледі

 Динара Амантай 29.06.2022 | 10:00
Фото: inbusiness.kz

Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан компания мемлекет меншігіне өтеді. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкіметтің қаулысымен «GPC Investment» ЖШС компаниясы республикалық меншікке берілетін болды.

«GPC Investment» ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлестерінің 100 пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «Tau Bereke Group» ЖШС-ның ұсынысы қабылдансын, — делінген қаулы мәтінінде.

Айта кететін жайт, «GPC Investment» компаниясы – «Қашаған кен орны шикізатының базасында қуаты 1,15 млрд м3 газ өңдеу зауытын салу» жобасының операторы. Жеке инвестордың жобаны іске асыруды жалғастырудан бас тартуына байланысты «GPC Investment» компаниясы «QazaqGaz» ҰК» АҚ балансына беріледі.

Өз кезегінде, бұл ішкі нарықты бағасы қолжетімді тауарлық және сұйытылған газбен қамтамасыз етуді арттыруға, сондай-ақ зауыт құрылысының жобасын уақытылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама