Ресей дипломаттары тағы да Болгариядан қуылды
Бұл жолы 70 шпион анықталды
Болгарияның премьер-министрі Кирилл Петков тыңшылық қызметпен айналысқан Ресей елшілігінің 70 қызметкерін елден қуып шығаратынын мәлімдеді.
Ол Ресей азаматтарының дипломатиялық төлқұжаттары болғанымен, олардың күмән туғызатын істермен айналысқанын айтты.
Мұны біздің елдің арнайы қызметі анықтады. Біздің бұл әрекетімізді орыс халқына жасалған агрессия деп қабылдамау керек. Ресейге қайтатын азаматтардың көпшілігі дипломатиялық қызметті бүркемелеп, шпиондық іспен айналысқан. Сондықтан біз оларды ел аумағынан шығарамыз, – деді Кирилл Петков.
Оның айтуынша, алдағы жексенбі күні Ресейдің 70 шпионын елден қуылады.
Бұған дейін де Болгария Ресейдің дипломаттарын бірнеше рет елден қуған болатын.