Иордания портында улы газ толы цистерна жарылып, 230-дан астам адам уланды
Кемеге улы газ толы цистерна құлап кеткені туралы айтылады
Иорданияның Қызыл теңіз жағасындағы Акаба портында хлор газы бар цистерна жарылып, 10 адам қаза тауып, кемінде 251 адам зардап шеккен.
«РИА Новости» порталының мәліметінше, қайғылы оқиға күнделікті тасымал бойынша операцияларды жүргізу барысындағы қарбалас кезінде орын алған. Кранның көмегімен кемеге улы газ толы цистернаны арту барысында трос үзіліп кеткені туралы айтылады.
Қазіргі уақытта портта қайғылы оқиғаның салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.