×

«Бұл тақырыпты енді талқыламауды сұраймыз»: Шахмат федерациясы мәлімдеме жасады

Федерация жұмысы үшін мемлекеттен ешқандай қаржы сұралмады

 Қанат Атаманов 28.06.2022 | 23:30
Фото: ашық дереккөздерден

Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі Бибісара Асаубаевның мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

Федерация жұмысы үшін мемлекеттен ешқандай қаржы сұралмады. Мемлекет басшысымен және әкімшілікпен кездесу кезінде ҚР шахмат тұжырымдамасы қарастырылды. Бұл бірнеше мәрте жарияланды. Оған дәлел ретінде Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, ҚШФ президенті Ғалым Құсайынов, вице-президент Дәрмен Сәдуақасов, Жансая Әбдімәлік мәлімдеме жасады, – дейді федерация өкілі.

Федерация Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстандағы шахматты дамыту бастамасын қолдайтынын атап өтті.

«Мектеп қабырғасындағы шахмат, муниципалды клубтар, оқытушыларды даярлау жұмыстарын ҚШФ қаржыландыра алмайды. Мұнымен арнайы министрліктер айналысады. Қазіргі уақытта спортшылар мен Федерацияның басты назары Үндістандағы олимпиадаға дайындалуға бағытталған. Біз бұқаралық ақпарат құралдарынан бұл тақырыпты енді талқыламауды және одан да маңызды істерге назар аударуға мүмкіндік беруді сұраймыз», – деп қорытындылады федерацияның баспасөз қызметі.

Еске салсақ, біз бұған дейін Бибісара Асаубаеваның федерация Президент әкімшілігінен қомақты қаржы сұрауға танымал спортшыларды пайдаланғанын хабарлағаны туралы жазған болатынбыз. Кейін спортшы басшыларымен бірге полиграфтан өтуге дайын екенін де жазды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама