Елдің бірінші министрі Никола Стерджен Шотландия парламентінде ел тәуелсіздігі туралы екінші референдум өткізу жоспары туралы мәлімдеме жасайды
BBC News басылымының хабарлауынша, референдум 2023 жылдың қазан айында Ұлыбритания министрлерінің ресми келісімімен немесе онсыз заңды дауыс беруді өткізуді жоспарлап отыр.
Шотландияның тәуелсіздігі туралы 2014 жылғы референдумда қарсы тарап 55% дауыс жинап, жеңіске жеткен-ді. Елдің бірінші министрі Никола Стердженнің айтуынша, оның референдум өткізуге демократиялық мандаты бар. Өйткені тәуелсіздікті қолдайтын партиялар - Шотландия ұлттық партиясы (SNP) және «жасылдар» (Scottish Greens) жергілікті парламентте көпшілік дауысқа ие.
Саясаткер Ұлыбритания үкіметінің Шотландия халқының қалауына қарсы жүргізіп жатқан күресі Лондонның ішкі және халықаралық аренадағы позициясын әлсірететінін атап өтті.
Айта кетсек, өткен жексенбіде шотланд консерваторларының жетекшісі Дуглас Росс Н. Стерджен ел өмір сүру құнының өсуі, ұзақмерзімді энергетикалық қауіпсіздік, экономикалық даму, жұмыс орындарына қолжетімділік сияқты маңызды мәселелерді шеше алмады деп айыпталған болатын.