×

Казань тұрғыны әйелінің аяғын жыланмен шатастырып, темірмен ұрып тастады

Әйелдің аяғы бірнеше жерден сынды

 Қанат Атаманов 28.06.2022 | 21:30
Фото: ашық дереккөздерден

Ресейдің Казань қаласында ер адам экзотикалық өрнегі бар пижама киген жұбайын жыланмен шатастырып, темір шыбықпен бірнеше рет ұрған.

«Аругменты и Факты – Казань» порталының ақпаратынша, келіншек жыланның суреті бар пижаманы киіп, ұйқыға жатқан. Таңертең ұйқыдан оянған күйеуі көрпе астынан шығып тұрған оның аяғын жылан деп ойлап, темір шыбықпен бар күшімен бірнеше мәрте соққы жасайды. Соққылардың салдарынан әйелдің аяғы бірнеше жерден сынды.

Қазір келіншек №7 қалалық ауруханада жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама