Halyq Uni логотип
×

Қырғызстандық сот экс-президент Атамбаевты тәртіпсіздік ісі бойынша ақтап шығарды

2020 жылдың 5 қазанында Қырғызстанда толқулар басталған болатын

 Қанат Атаманов 28.06.2022 | 20:30
Қырғызстандық сот экс-президент Атамбаевты тәртіпсіздік ісі бойынша ақтап шығарды
Фото: ашық дереккөздерден

Қырғызстанда Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастары 2020 жылы қазандағы жаппай тәртіпсіздік ісі бойынша ақталды.

Айыптаушы тарап соттан экс-президентті жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Сондай-ақ, қылмыс құрамының болмауына байланысты сот оның жақтастары Фарид Ниязовты, Құрсан Асановты, Жениш Молдокматовты, Қанат Сағынбаевты және Темірлан Сұлтанбековті ақтады.

Айта кетсек, 2020 жылдың 5 қазанында Қырғызстанда толқулар басталған болатын. Себеп – парламент сайлауының қорытындысына наразылық. Салдарынан республикада билік өзгерді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама