«Украиналық тарап осы күннің соңына дейін соғысты тоқтата алады» – Дмитрий Песков

Қанат Атаманов

Ол үшін Ресей Федерациясының талаптары орындалуы қажет

Фото: ашық дереккөздерден

Ресей Федерациясы президент әкімшілігі басшысының орынбасары Дмитрий Песков Украина билігі соғысты бірнеше сағат ішінде тоқтата алатынын мәлімдеді.

Украиналық тарап осы күннің соңына дейін соғысты тоқтата алады. Ұлттық құрылымдық бөлімдерге, украиндық әскерилерге қаруын тастауға бұйрық керек және ол үшін Ресей Федерациясының талаптары орындалуы қажет. Бәрі осы күннің соңына дейін аяқталуы мүмкін. Қалғаны Украина басшысының ойлануына байланысты шешіледі, – деді Владимир Путиннің баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, ресейлік тарап Владимир Путиннің арнайы әскери операция жоспар бойынша жүріп жатыр және мақсатына жетеді деген мәлімдемесіне сүйенеді және бұл әскери қақтығыстың аяқталу уақыты белгіленбеген.