×

Кешке жақын доллар бағамы 4,89 теңгеге арзандады

АҚШ валютасы күн сайын құбылып тұр

 Дастан Жұмабекұлы 28.06.2022 | 18:19
Көрнекі фото

Қазақстан қор биржасында теңгенің 1 долларға бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық деректерге қарағанда, доллар бағамы 27 маусым кешімен салыстырғанда 4,89 теңгеге арзандап, 1 доллар 456, 05 теңге болды.

Ұлттық банктің 28 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 460,95 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 455,50 теңге, сатып алу – 460,50 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 450 теңгеден болса, сатып алу құны – 457,50 теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама