Halyq Uni логотип
×

Министр vs блогер: Саясат Нұрбек сот отырысына қатысады

Саясат Нұрбек блогердің әлеуметтік желідегі жазбалары үшін оның үстінен сотқа арыз түсірген еді

 Айнұр Шошаева 28.06.2022 | 18:16
Министр vs блогер: Саясат Нұрбек сот отырысына қатысады
Коллаж: Halyq Uni

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 8 шілдеде өзінің арызы бойынша блогер Гүлбану Әбеноваға қатысты сот отырысына қатысады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Бүгін Байқоңыр аудандық сотында өткен отырыста Саясат Нұрбектің өтініші бойынша сот процессі 8 шілдеге шегерілді. Оның себебін адвокат арызданушы Саясат Нұрбектің сот отырысына өзі қатысып, сот сараптамасын жасаған мамандар мен блогерге сұрақ қойып, жауап алғысы келетінімен түсіндірді. 

Еске сала кетейік, журналист-блогер Гүлбану Әбенова 2021 жылы Саясат Нұрбектің 2010-2013 жылдар аралығында «Халықаралық бағдарламалар орталығының» президенті болған кезде «Болашақ» бағдарламасы аясында болжам бойынша жасаған сыбайлас жемқорлық схемалары туралы жазба жариялаған болатын. 

Биыл 25 ақпанда Нұрбек «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты болды. Ол Мәжіліс депутаты кезінде  блогердің әлеуметтік желідегі жазбалары үшін оның үстінен сотқа арыз түсірген еді. 

Саясат Нұрбек 2022 жылдың 11 маусымында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама