Halyq Uni логотип
×

Павлодарда жаңа қант зауыты салынатын болды

Онда 120 мың тоннаға дейін қант өндірілмек

 Динара Амантай 28.06.2022 | 18:03
Павлодарда жаңа қант зауыты салынатын болды
Фото: Halyq Uni

Павлодарда қан зауыты жобасын жүзеге асырумен «Павлодар» ӘКК айналысады. Жобаның басты ерекшелігі – ол қант шикізатының емес, қант қызылшасы негізінде салынатын болады. Бұл туралы облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Қазіргі кезде жобалау-сметалық құжатнама аяқталуға жақындап қалды. Жобалаушы тараптың жұмысына наразылық айтылған болатын, яғни 100-ден астам ескерту жасалды. Жоба технологиялық тұрғыдан алып қарағанда өте күрделі екенін түсіну керек, – деді Әбілқайыр Сқақов.

Оның айтуынша, аталған жоба аясында өнімді өңдеу, қант қызылшасын өсіру қамтылмақ. Осы орайда өндірісте тиісті біліктілік деңгейі назарға алынуы керек.

 «Жобаны асығыс қабылдай салуға болмайды. Биылдың соңына қарай біз мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын аламыз деп ойлаймын. Содан кейін жоба бағалаудан өткеннен соң, инвесторларды іздестірумен айналысамыз. Бұл ретте тиісті технологиясы мен біліктілігі бар мамандар келуі керек, – деді әкім.

Сонымен бірге облыс басшысы жобаның әлеуметтік жағынан маңыздылығын атап өтіп, оны жүзеге асыруға басымдық беріліп отырғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама