Бүгін Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, басқарма басшыларының міндетін атқарушылар тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бізде басқармалар саны шағын құрамда болады. Бас-аяғы 18 басқарма құрылып, 251 штат саны бекітілді. Кейбір басқармалар біріктірілді. Енді бірі жеке өз алдына басқарма болып бекітілді, - деді облыс басшысы Берік Әбдіғалиұлы.
Президент әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болып Аман Барикенов тағайындалды. Ол қаржы, экономика мәселелерін үйлестіреді.
Сондай-ақ олыс әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, сәулет, энергетика, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі орынбасары болып Ұлантай Үсенов тағайындалды.
Басқармалар басшыларының міндетін атқарушылар:
- Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасы – М. Мырзабекова;
- Ұлытау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы – С. Балмағанбетов;
- Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту, мұрағат ісі басқармасы – Ә. Омар;
- Ұлытау облысы білім басқармасы – С. Төлекова;
- Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасы – Л. Ранова
- Ұлытау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы – З. Ақылбекова;
- Ұлытау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – Ж. Бегаев;
- Ұлытау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы – Ғ. Төлеуов;
- Ұлытау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы – Қ. Имантүспов;
- Ұлытау облысы экономика басқармасы – Е. Мырзабеков;
- Ұлытау облысы қаржы басқармасы – В. Ставицкая;
- Ұлытау облысы мемлекеттік сатып алу басқармасы – А. Әйтенов;
- Ұлытау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы – А. Жандарбеков;
- Ұлытау облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы – К. Смағұлов;
- Ұлытау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы – Т. Әлменов;
- Ұлытау облысы ветеринария басқармасы – Ә. Әбдікер.