×

Ұлытау облысын кімдер басқаратыны белгілі болды

Өңірде барлығы 18 басқарма болады

 Дәурен Ерболат 28.06.2022 | 17:18
Фото: saryarqanews.kz

Бүгін Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, басқарма басшыларының міндетін атқарушылар тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бізде басқармалар саны шағын құрамда болады. Бас-аяғы 18 басқарма құрылып, 251 штат саны бекітілді. Кейбір басқармалар біріктірілді. Енді бірі жеке өз алдына басқарма болып бекітілді, - деді облыс басшысы Берік Әбдіғалиұлы.

Президент әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болып Аман Барикенов тағайындалды. Ол қаржы, экономика мәселелерін үйлестіреді.

Сондай-ақ олыс әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, сәулет, энергетика, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі орынбасары болып Ұлантай Үсенов тағайындалды.

Басқармалар басшыларының міндетін атқарушылар:

  • Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасы – М. Мырзабекова;
  • Ұлытау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы – С. Балмағанбетов;
  • Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту, мұрағат ісі басқармасы – Ә. Омар;
  • Ұлытау облысы білім басқармасы – С. Төлекова;
  • Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасы – Л. Ранова
  • Ұлытау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы – З. Ақылбекова;
  • Ұлытау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – Ж. Бегаев;
  • Ұлытау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы – Ғ. Төлеуов;
  • Ұлытау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы – Қ. Имантүспов;
  • Ұлытау облысы экономика басқармасы – Е. Мырзабеков;
  • Ұлытау облысы қаржы басқармасы – В. Ставицкая;
  • Ұлытау облысы мемлекеттік сатып алу басқармасы – А. Әйтенов;
  • Ұлытау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы – А. Жандарбеков;
  • Ұлытау облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы – К. Смағұлов;
  • Ұлытау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы – Т. Әлменов;
  • Ұлытау облысы ветеринария басқармасы – Ә. Әбдікер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама