Halyq Uni логотип
×

Көкшетауда сот ғимараттарына «жарылғыш зат» қойылған

Жалған ақпаратты таратқан адам іздестіріліп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 28.06.2022 | 16:50
Көкшетауда сот ғимараттарына «жарылғыш зат» қойылған
фото: akm.sud.kz

Бүгін таңертең Көкшетау қаласында облыстық және қалалық соттың ғимараттарына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, ғимараттарда бомба жасырылғаны туралы ақпарат сот хатшысының электронды поштасына келген.

Алайда ғимараттарды 2 сағаттан астам уақыт тексерген мамандар ешқандай жарылғыш затты таппады. Әзірше жалған хабарламаны кімнің жібергені белгісіз.

Ақмола облыстық полиция департаименті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчуктың айтуынша, жалған ақпаратқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазір хабарлама авторы іздестіріліп жатыр. Екі ғимараттан эвакуацияланған 90 адам өздерінің жұмыс орындарына қайта оралды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама