×

Nur Otan партиясының съезі 28 қаңтарда өтеді

Жиын онлайн-форматта өтетін болды

 Халық үні 19.01.2022 | 16:30
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады.

Nur Otan партиясы саяси кеңесінің қаулысымен 2022 жылғы 28 қаңтарда партияның кезектен тыс XXI съезін өткізу туралы шешім қабылданды. Коронавирусқа байланысты шектеу шараларын ескере отырып, ол онлайн-форматта өтеді, – деп жазды твиттерде Бауыржан Байбек.

18 қаңтарда Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі соңғы жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, жақында Nur Otan партиясының төрағалығына Қасым-Жомарт Тоқаев сайланатынын айтты.

2021 жылғы қарашада Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Назарбаевтың Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін Президентке тапсыру туралы шешімін түсіндірді.

Бүгінгі шешім – билік транзитінің қисынды жалғасы ғана. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, әсіресе қазіргі пандемиядан болып отырған жаһандық дағдарыс кезінде Nur Otan партиясы Қазақстан Президенті үшін басты тірек болуы керек. Жарғыға сәйкес, Nur Otan партиясының төрағасын сайлау мен оны лауазымынан босату партия съезінің ерекше құзыретіне жатады. Оған дейін Назарбаев партия төрағасының қызметінде болады, - делінген Айдос Үкібайдың пікірінде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

22 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Республиканың солтүстігінде, оңтүстік жартысында тұман болып, жел күшейеді, сондай-ақ оңтүстікте найзағай ойнайды
21.03.2023 | 20:45

Абай облысында ерлі-зайыпты қылмыс үстінде ұсталды

Жарма ауданында аса ірі көлемде есірткі саудалаған әйелі мен күйеуі «Алматы-Семей» тасжолында көлікпен келе жатқанда ұсталды
21.03.2023 | 19:50

Маңғыстау облысында 12 ауыл ауыз сумен қамтылды

Өңірде су тапшылығы мәселесі өзекті болып отыр
21.03.2023 | 17:35

Алматыда студент жарылғыш құрылғы жасырылғаны туралы 4 рет хабарлама жіберген

Дәлелдемелерді ұсынғаннан кейін ол өз кінәсін мойындады
21.03.2023 | 16:39