×

Ресейде қазақ әйелін зорлаған полиция қызметкерлері сотталды

Үш адам бас бостандығынан айырылды

 Дастан Жұмабекұлы 28.06.2022 | 16:35
фото: regnum.ru

Екатеринбург қаласының Ленин аудандық соты Қазақстан азаматын қызметтік көлікте зорлаған үш бұрынғы полиция қызметкерін соттады. Олар бес жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Вадим Мұстафин – 6 жылға, Вячеслав Тропин – 5,5 жылға, Андрей Бессарабов 5 жылға сотталды. Олар сот залында қамауға алынды.

2019 жылдың тамыз айында полиция қызметкерлері Вячеслав Тропин, Андрей Бессарабов пен Вадим Мұстафин түнде Екатеринбургте саунадан шыққан 22 жастағы әйелді ұстап алып, қызметтік УАЗ көлігінде қызды зорлаған. Одан кейін бөлімшеге апарып, қорқытқан.

2020 жылдың шілдесінде полицейлер қыз зорлағаны үшін кінәлі деп танылып, қамауға алынған болатын. 2021 жылдың қараша айында Екатеринбургтің Ленин аудандық соты полицияның әрекетінен қылмысты таппай, ақтап шығарған еді.

Алайда биыл ақпан айында Свердлов облыстық соты бұрынғы үш полиция қызметкеріне қатысты ақтау үкімін бұзып, іс бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберілді. Соның нәтижесінде күдіктілер қылмыскер болып танылып, бас бостандықтарынын айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама