×

Украинадағы соғыста қанша баланың көз жұмғаны белгілі болды

Құзырлы орган қызметкерлері нақты қанша бала қаза тапқанын әлі анықтап жатыр

 Дәурен Ерболат 28.06.2022 | 14:19
Фото: cyprus-daily.news

Украинадағы соғыс салдарынан 300-ден аса бала көз жұмды, деп хабарлайды УНН.

Бас прокуратура мәліметінше, елдегі соғыста 341 бала мерт болған.

2022 жылғы 28 маусымда таңертең Украинада Ресей Федерациясының қарулы агрессиясы салдарынан 963 бала зардап шекті. Ювеналды прокурорлардың ресми ақпараты бойынша 341 бала қаза тауып, 622-ден аса бала жарақат алған, - деп жазылған хабарламада.

Балалардың басым бөлігі төмендегі өңірлерде зардап шеккен:

  • Донецк облысы – 336 бала,
  • Харьков облысы – 183 бала,
  • Киев облысы – 116 бала,
  • Чернигов облысы – 68 бала,
  • Луганск облысы – 57 бала,
  • Херсон облысы – 52 бала,
  • Николаевск облысы – 48 бала,
  • Запорожск облысы – 31 бала,
  • Сум обылсы – 17 бала.

Бас прокуратура бұл сандар өзгеруі мүмкін екенін атап өтті. Себебі, әскери қақтығыс болып жатқан орындарда, уақытша басып алынған және босатылған аумақтарда қанша бала мерт болғаны, әрі зардап шеккені анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама