Өз декларациясын көрсетуге де дайын
Үкімет басшысының орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өзінің қанша жалақы алатынын жасырмады.
Мен, біріншіден, Қаржы министрлігінен жалақы аламын. Сосын маған вице-премьер ретінде ақы төлейді. Жалақым шамамен – 1,5 миллион теңге. Ал министр ретінде 1,3 миллион теңге аламын, - деді ол журналистерге Үкімет кулуарында.
Сондай-ақ министр өз декларациясын көрсетуге де дайын екенін айтты.