Halyq Uni логотип
×

Жамаубаев вице-премьер және министр ретінде қанша жалақы алатынын айтты

Өз декларациясын көрсетуге де дайын

 Еркеғали Болатұлы 28.06.2022 | 13:22
Жамаубаев вице-премьер және министр ретінде қанша жалақы алатынын айтты
фото: ашық дереккөз

Үкімет басшысының орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өзінің қанша жалақы алатынын жасырмады.

Мен, біріншіден, Қаржы министрлігінен жалақы аламын. Сосын маған вице-премьер ретінде ақы төлейді. Жалақым шамамен – 1,5 миллион теңге. Ал министр ретінде 1,3 миллион теңге аламын, - деді ол журналистерге Үкімет кулуарында.

Сондай-ақ министр өз декларациясын көрсетуге де дайын екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама