Коронавирус елдің 6 өңірінде тіркелді
Кеше вирус жұқтыру дерегі 4 өңірде тіркелген
Өткен тәулікте Қазақстанда 61 адамнан COVID-19 вирусы анықталды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 61 жағдайы тіркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 млн 306 мың 361 адамға жетті.
Ауру анықталған өңірлер төмендегідей:
- Нұр-Сұлтанда – 13,
- Алматыда – 41,
- Алматы облысында – 2,
- Атырау облысында – 1,
- Жамбыл облысында – 3,
- Батыс Қазақстан облысында – 1.
Сондай-ақ 17 қазақстандық коронавирустан айықты:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 8,
- Алматыда – 6,
- Қарағанды облысында – 2,
- Қызылорда облысында – 1.
Қазақстанда барлығы 1 млн 292 мың 280 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
28 маусымдағы мәлімет бойынша 464 адам коронавирустан емделіп жатыр.
Олардың ішінде 87 науқас стационарда, 377 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 6 адамның жағдайы ауыр, жағдайы өте ауыр және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған науқастар жоқ, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, кеше COVID-19 вирусын жұқтырудың 67 дерегі анықталған еді. Ауру тіркелген өңірлер төмендегідей:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 13,
- Алматы қаласында – 52,
- Ақмола облысында – 1,
- Қарағанды облысында – 1.