×

Литва Ресеймен соғысқа дайын екенін білдірді

Балтық жағалауы елі қоқан-лоқыдан қорқайын деп отырған жоқ

 Дастан Жұмабекұлы 28.06.2022 | 11:15
фото: kommersant.ru

Литва Қорғаныс министрі Арвидас Анушаускас Санкт-Петербургте болған Путин мен Лукашенконың әңгімесінен кейін соғысқа дайын екендерін мәлімдеді.

Бұл туралы delfi.lt сайты хабарлады.

Ол соғысқа Литвамен бірге НАТО-ның да дайын екенін де айтты. Өйткені, Литва Солтүстік Альянстың бір мүшесі.

Литва Қорғаныс министрінің айтуынша, Санкт-Петербургте Путин мен Лукашенко арасында Литваға соғыс ашу туралы әңгіме болған. Сол жолы Беларусь президенті Литваның Калининградқа баратын темір жолды жауып тастауы Ресейге соғыс жариялағанымен бірдей екенін айтып, Кремль басшысының намысын бір қайрап қойған.

Бірақ бұлардың қоқан-лоқысынан Литва қорқайын деп отырған жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматыда кептеліс мәселесін шешу жолдары ұсынылды

Қаланың бас полицейі тұрғындар алдында есеп берді
31.03.2023 | 16:35

Павлодарда оқушы қызды екі рет көлік қағып кете жаздады (ВИДЕО)

Көлік жүргізушілеріне 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды
31.03.2023 | 16:25

Елімізде 3 мыңнан астам жұмыскер жалақысын ала алмай жүр

Еңбек инспекторлары 241 кәсіпорынның қарызын анықтаған
31.03.2023 | 16:06

«Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» алған аналарға жәрдемақы автоматты түрде беріледі

Қызмет көрсету мерзімі 7 күннен 1 жұмыс күніне дейін қысқарды
31.03.2023 | 15:58