Тиісті құжат Сенатқа жолданды
Мәжіліс Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіндегі өмір бойғы өкілеттіліктерін тоқтату туралы өзгерістерді Сенатқа жіберді.
Үш заңға өнгеріс енгізілетінін мәлімдеген Мәжіліс депутаты Қанат Нұров енді ҚХА мен Қауіпсіздік кеңесінің төрағалығы тұлғаға қарай емес, қызметіне қарай Президентке тиесілі болатынын айтты.
Депутаттың жазуынша, Сенатқа жолданған құжатта «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы», «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» және «Қауіпсіздік кеңесі туралы» конституициялық заңдарға тиісті өзгеріс енгізілген.
Еске салайық, 2022 жылдың 6 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жариялап, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болғанын мәлімдеді.
18 қаңтарда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі соңғы жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, жақында Nur Otan партиясының төрағалығына Қасым-Жомарт Тоқаев сайланатынын айтты.