Жарылыстан қаза тапқандар көбейіп жатыр
Ресейдің қарулы күштері Украинаның Кременчуг қаласындағы (Полтова облысы) «Амстор» сауда орталығын зымыранмен атқылады. Соның кесірінен қазірге дейін 18 адамның қаза тауып, 59 адамның жарақат алғаны белгілі болды. Алайда жарылыстан ажал құшқан адамдар бұдан да көп болуы мүмкін.
Бұл туралы Владимир Зеленский халыққа кезекті үндеуінде хабарлады. Оның айтуынша, сауда орталығында мыңдаған адам болған. Солардың көбісі ғимараттан шығып үлгерген. Ал сатушылар мен келушілердің көбісі шыға алмаған. Жарылыстан жарақат алған адамдар саны көбейіп жатыр.