Үкімет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады
28 маусым – Қазақстандағы БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі
Премьер-министр Әлихан Смайылов журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтықтап, ізгі тілегін білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Бүгін – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Сондықтан, құрметті журналистер, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Өзара үйлесімді жұмыспен, жоғары азаматтық жауапкершілік үшін алғыс айтамыз. Біздің бірлескен күш-жігеріміз Үкіметтің жұмысын бұдан да ашық, әрі тиімді етуге мүмкіндік беретініне сенеміз. Баршаңызға тың идеялар және шығармашылық табыс тілейміз. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын, - деді премьер-министр Үкімет отырысында.