Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға кейбір ит тұқымдарымен серуендеуге тыйым салынуы мүмкін
Мәжіліс депутаттары заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады
Мәжіліс депутаттары жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша заң жобасына түзетулер енгізді. Мәжіліс депутаты Александр Милютин заң жобасына қай бағытта түзетулер енгізілетінін түсіндірді және палата депутаттары «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасына сәйкес, он алты жасқа толмаған адамдарға ерекше жауапкершілікті талап ететін үй жануарларын серуендетуге тыйым салуды енгізу қарастырылып отыр.
Заң жобасының негізгі міндеттері - жануарларға қарау кезінде жалпы және арнайы талаптар белгілеу, жануарларды қатыгездікпен қараудан, оларды азаптау мен қырылудан қорғау, жануарларды қатыгездікпен жансыздандыруға жол бермеу, қоғамда адамгершілік пен ізгілікті нығайту, қаңғыбас жануарлардың санын реттеу саласындағы ақпараттың қауіпсіздігін, ашықтығын, азаматтардың өзге де құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету.
Қазақстанда иесінің ерекше жауапкершілігін қажет ететін жануарларға мыналар жатады: америкалық бұқа териері; америкалық стаффордшир териер; бұқа териері; стаффордшир бұқа териері; роттвейлер; жоғарыда аталған тұқымдардың местизосы.