Ресей дефолтқа түсті
РФ шетелдік кредиторларға төлем төлеу мүмкіндігінен айырылды
Ресей сыртқы қарыздарының көптігінен соңғы жүз жылдан астам уақыттан бері бірінші рет дефолтқа түсіп отыр.
Бұл туралы Bloomberg хабарлады.
Ресей 1918 жылдан бері бірінші рет өзіне салынған санкциялар салдарынан шетелдік кредиторларға төлем төлеу мүмкіндігінен айырылып, егемендік қарыз бойынша дефолтқа түсті.
Жексенбіде АҚШ-тың 100 млн доллар көлеміндегі пайыздық үстемесінің 27 мамырда белгіленген жеңілдік беру мерзімі аяқталды. Көрсетілген сома соған дейін төленбеген болса, дефолт болып есептеледі.
Наурыз айының басынан бастап РФ-ның орталық банктері «қарысып» қалса, ірі банктері әлем жүйесінен ажыратылды.
Ресейдің өзі болса, өткен аптада өшірілмеген 40 миллиард долларлық егеменді қарыздарын рубльмен төлейтінін жариялаған болатын.