Петропавлда күдікті уақытша ұстау изоляторында асылып қалды
Қала орталғында жаппай төбелес болған
Петропавл қаласында болған төбелес кезінде үш адам пышақ жарақатын алды. Қайғылы оқиға Ысқақ Ыбыраев көшесі 21 үйдің ауласында болған. Жедел іздестіру шаралары кезінде полиция қызметкерлері екі күдіктіні қолға түсірді. Олардың бірі уақытша ұстау изоляторында асылып қалды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, төбелес 11 маусым күні, Береке ықшам ауданында болған. 29, 32 және 34 жастағы азаматтардың пышақ жарақатын алғанын көрген жергілікті тұрғындардың бірі 102 пультіне қоңырау шалған. Науқастар бірден ауруханаға жеткізілді.
«Жедел іс шаралар барысында күдіктілер анықталып, ұсталды. Олар 35 және 43 жастағы екі ер адам. Аталған факті ҚР ҚК –нің 24-бабы, 3-бөлігі, 99-баптың 2-бөлігі «Адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіміне енгізілді. Алдын ала тергеу барысында ер адамдар арасында кафелердің бірінде жанжал туындағаны белгілі болды. Күдіктілердің бірі Петропавл қалалық уақытша ұстау изоляторында болған кезде өз-өзіне қол жұмсаған. Аталған дерек ҚР ҚК 105- бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің біріңғай тізіліміне енгізілді», - делінген облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратта.