Елімізде отасқанына 10 жылдан асқандар көбірек ажырасқан
Ажырасудың жоғары деңгейі ел астанасында байқалып отыр
Бұл туралық Ұлттық статистика бюросы Telegram-дағы ресми каналынында жариялады.
Бюроның мәліметінше, Қазақстанда өткен жылы 48 200 ажырасу жағдайы тіркелсе, соның 34 800-ы (72,2 пайыз) қала тұрғындарына тиесілі. Ажырасудың жоғары деңгейі ел астанасында байқалып отыр. Мұнда 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 3,54 жағдайды құрайды, ал ажырасу ең аз тіркелген өңір бұл - Түркістан облысы. Мұнда – 1000 адамға шаққанда 1,20 жағдай.
Ажырасу көп жағдайда ортақ баласы жоқ ерлі-зайыптылар арасында тіркелген. Олардың үлесі - 60,5 пайыз. Ортақ бір баласы барлар арасындағы ажырасу үлесі – 20,8 пайыз. Кәмелетке толмаған екі және одан көп баласы барлардың арасындағы ажырасу үлесі – 18,7 пайыз.
Ажырасқандардың некеде болған уақыты бойынша үлесі:
34,1 пайыз – 10 жылдан астам отасқандар;
26,3 пайыз – 5-9 жыл отасқандар;
21,4 пайыз – 2-4 жыл отасқандар;
7,8 пайыз – 1 жылдан артық отасқандар;
5,5 пайыз – 1 жылға дейін отасқандар.