Шілде айында еліміздің 2 облысында құрғақшылық болуы мүмкін

Халық үні

Болжам айдың бірінші онкүндігінде нақтыланады

фото: ашық дереккөзден

Қазгидромет шілде айында арналған құрғақшылыққа қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Статистикалық болжамға сәйкес, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында жауын-шашын аз жауады.

Алматы облысының Кербұлақ ауданында және Қонаев қаласында қоңыржай жаңбырлы жағдай болжанады.

Шілде айындағы құрғақшылық болжамы айдың бірінші онкүндігінде нақтыланады.

Бүкіл болжамдар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне тұрақты түрде ұсынылады, сондай-ақ www.agrodata.kz. қосымшасында жарияланады