Алматыдан 377 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Ошақ Қытай аумағында болды
Дастан Жұмабекұлы
27.06.2022 | 16:29
Бүгін 14 сағат 22 минутта Сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 377 шақырым жердегі Қытай аумағында орналасқан.
Оның энергетикалық класы – 11.4.
Mагнитудасы – 5,3.
Тереңдігі – 30 км.
МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.