Halyq Uni логотип
×

ҰҚШҰ әскері Қазақстан аумағынан толық кетті

Бүгін соңғы жеке құрам мен техника әуе кемесімен Алматыдан ұшып шықты

 Ербол Тұрымбет 19.01.2022 | 15:00
ҰҚШҰ әскері Қазақстан аумағынан толық кетті
көрнекі фото: ашық дереккөзден

ҰҚШҰ бітімгершілік әскері Қазақстан аумағынан толық кетті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Олжас Құсайынов мәлім етті.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық бітімгер күштерін Қазақстан аумағынан шығару аяқталды. Бүгін соңғы жеке құрам мен техника әуе кемесімен Алматыдан ұшып шықты. Қазір Қазақстан аумағында шет мемлекеттердің әскери қызметшілері жоқ, - деді Олжас Құсайынов.

Елімізден ҰҚШҰ-ның біріккен бітімгершілік контингентін кезең-кезеңімен шығару биыл 13 қаңтардан басталды. Бірлескен бітімгер контингенті Қазақстан аумағында ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың 2 және 4-баптарына сәйкес әрекет еткен.

Еске салайық, 2 қаңтарда Жаңаөзенде басталған наразылық акциясы басқа қалаларда да жалғасты. 4 қаңтарда Алматы қаласында басталған митингтің ертеңі дүрбелеңге, қанды оқиғаға ұласты.

Осы жағдайға байланысты барлық аймақта төтенше жағдай режимі енгізіліп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекет басшыларынан террорлық сын-қатерді еңсеруде көмек сұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама