Азаматтық бастамаларға 650-ге жуық грант бөлінеді
Ауылдық жерлерді дамытуға да арналып отыр
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттық жобалар аясында азаматтық бастамаларды іске асыруға 644 шағын грант бөлуді жоспарлап отыр.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде хабарлады.
50 грант ауылдық жерлердегі бастамаларды дамытуға бағытталған. Бұл жобалар өмір сүру жақсартуға және жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін шешуге ықпал етеді деп жоспарлануда.
Шағын грант – бұл мемлекет тарапынан әлеуметтік жобаны дамыту немесе іске қосу мақсатына ұсынылатын жақсы мүмкіндік. Мәселен, ауылдық бастамаларды дамыту жобасы аясында ауыл тұрғындары, азаматтық белсенділер топ болып бірігіп, қандай да бір әлеуметтік мәселені шешуге атсалыса алады. Бұл балалар алаңын салу, балалардың бос уақытын ұйымдастыру немесе қысқа мерзімді тілдік курстарды ашуға қатысты жобалар болуы мүмкін. Шағын гранттарды республиканың кез келген өңірінде тұратын азаматтар иелене алады. Біз қоғам үшін пайдалы бастамалардың кең ауқымына жан - жақты қолдау көрсетеміз», - деді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ғалым Құрман.
Шағын гранттар волонтерлерді қарттар үйіндегі қарияларға көмек көрсету шараларына тарту, ауылдағы бастамаларды дамыту, халықтың әртүрлі топтарын цифрлық және қаржылық сауаттылыққа оқытуда волонтерлік көмек көрсету, жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру сияқты 20 түрлі бағытты қамтиды.
Шағын гранттар сомасы 300 мың – 1 млн теңге.
Қазір әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын ҮЕҰ бастамашыл топтардан өтінімдерді қабылдау шараларын жүргізілуде.
Шағын гранттар туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады: https://cisc.kz/kk/category/shaghyn-granttar