×

28 маусымда қазақстандықтардың алғашқы легі қажылыққа аттанады – ҚМДБ

Биыл қажылықтың уақыты 7-12 шілде деп белгіленді

 Дәурен Ерболат 27.06.2022 | 12:46
Фото: total.kz

Ертең, 28 маусымда Шымкенттен 189 қазақстандық қажылыққа аттанады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Қажылыққа аттанушылар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтау қалаларынан тікелей рейстер арқылы Сауд Арабиясының Жидда мен Мәдина қалаларына барады.

Қазақстандықтар 4 қаладан 28 маусым – 3 шілде аралығында аттанып, 15-21 шілде аралығында елге оралады.

2022 жылы қажылыққа Қазақстаннан 4 мың адам барады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Сауд Арабиясының талабы бойынша 65 жастан асқан адам қажылыққа бара алмайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама