Еңбек жолын 2003 жылы жол жұмысшысы болып бастаған
Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Алмаз Ыдырысов Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі
Алмаз Ыдырысов 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2003 жылы жол жұмысшысы болып бастаған.
2005-2006 жылдары – «Қазақавтожол» ЖШС техникалық-өндірістік бөлімінің жетекші маманы.
2006-2014 жылдары Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында қызмет етті.
2014-2016 жылдары – «Қазавтожол» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары.
2016-2019 жылдары Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарда болды.
2019-2022 жылдары – ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары.
2022 жылдың сәуірінен бастап ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы – бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болды.