Қырғызстаннан келе жатқан 30 тонна қант тәркіленді
Ол селитра салынған қаптардың арасында жасырынған
Қазақстандық азамат Қырғыз Республикасынан 30 тонна қантты елге заңсыз кіргізбек болды.
Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдеді.
Шекарашылар «Чон-Капка – Автодорожный» бақылау-өткізу пунктінде жүкті заңсыз әкету фактісін анықтаған.
Өткізу бекетіне 38 жастағы азамат жүргізген «КамАЗ» жүк көлігі келген. Ер адам көлікте тыңайтқыштың барын айтқан. Алайда автокөлікті тексеру кезінде шекарашылар 30 тоннаға жуық қант тапты. Ол тәтті өнімді селитра салынған қаптардың арасында жасырған.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қазақстан азаматы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылды.