РФ-ның 20-армиясының командалық пункті жойылды
Украина Қарулы күштері АҚШ-тан келген «HIMARS» қаруымен Ресей армиясының Изюмдегі командалық пунктін тас-талқан етті.
Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Ақпарат құралдары Украина әскерінің ресейліктердің Харьков облысының Изюм қаласындағы мектепте орналасқан командалық пунктін тас-талқан етіп жойып жібергенін видеодан көрсетті.
Басылымның хабарлауынша, бірінші видеода РФ Қарулы күштерінің Воронеждегі Батыс әскери округі 20-армиясының командалық пунктінің қалай жойылғаны түсірілген. Екінші видеода – РФ Қарулы күштері десант жауынгерлерін басқару пунктінің жермен-жексен етілгені бейнеленген.
Америкалық дүркін-дүркін отты «HIMARS» реактивті жүйесі украин жерінде қолданыла бастады.