Halyq Uni логотип
×

АҚШ Ресейдің Украинаға соғысын геноцид деп атады

Конгресс қарар қабылдады

 Дастан Жұмабекұлы 27.06.2022 | 09:37
АҚШ Ресейдің Украинаға соғысын геноцид деп атады
фото: balkaninsight.com

АҚШ Конгресі Ресейдің Украинаға қарсы жасап жатқан соғысын «геноцид» деп тануға шешім қабылдады.

Бұл туралы Foreign Policy хабарлады.

Осыған байланысты заң шығарушылар тобы Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғысын АҚШ-тың геноцид деп тануы жөніндегі қарардың жобасын өз әріптестеріне ұсынды.

Қарар жобасында Ресей әскерлерінің Украинадағы айуандық әркеттері, соның ішінде бейбіт тұрғындарға, перзентханаларға тікелей соққылар жасау, сондай-ақ жүздеген мың украиналықтарды зорлықпен Ресейге және өздері басып алған территорияларға алып кету секілді БҰҰ-ның геноцид қылмысын анықтау мен оны жазалау жөніндегі конвенциясының II бабында келтірілген өлшемдерге сай іс-қимылдарға барғаны атап көрсетілген.

Конгресс қарары Палата өкілдерінің немесе Сенат мүшелерінің нақты позициясын білдіреді. Сол себепті оның заңды күші болмайды.

Бұған дейін РФ-ның Украинаға қарсы соғысының геноцид сипатында болып жатқаны жөнінде Польша, Латвия, Эстония, Канада, Литва, Чехия, Ирландия елдері және Украинаның өзі шешім қабылдаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама