Ол суға батып кеткен болуы мүмкін деген болжам бар
Хабарсыз кеткен ер адамды достары өзен жағасында көрген. Сол себепті ол суға батып кеткен болуы мүмкін деген болжам бар.
Еламан жағажай футбол алаңы маңындағы орталық жағажайда демалып, суға түскен. Бұл жағажайда демалушылардың қарасы көп болғанымен, оның қайда кеткенін ешкім байқамаған, - дейді VITA іздеу тобының еріктілері.
Еріктілердің айтуынша, Еламанмен бірге демалған танысы оны бір сағаттан артық күткен. Кейін ол жоғалған жігіттің киімдері мен басқа да заттарын жағада қалдырып, өз шаруаларымен кетіп қалған. Осыдан кейін белгісіз біреулер павлодарлықтың рюкзагы мен аяқ киімін ұрлап әкеткен.
Облыстық Полиция департаментінде павлодарлықты іздеу туралы ақпарат әлі расталған жоқ.