Halyq Uni логотип
×

Ресейдің соңғы 100 жылдан бергі алғашқы дефолтына бірнеше сағат қалды - Bloomberg

Қолданыстағы лицензияның мерзімі наурыз айында басталып, 25 мамырда аяқталды

 Қанат Атаманов 26.06.2022 | 22:30
Ресейдің соңғы 100 жылдан бергі алғашқы дефолтына бірнеше сағат қалды - Bloomberg
Фото: ашық дереккөздерден

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, бұл 27 маусымға қараған түні мерзімі өткен облигациялар бойынша шамамен 100 миллион АҚШ доллар төлеу үшін жеңілдік мерзімі аяқталатындығына байланысты.

Ресей билігі ресми түрде дефолт жариялауды жоспарлап отырған жоқ. Бірақ инвесторлар белгіленген уақытта ақшаларын қайтара алмаған жағдайда, дүйсенбі күні таңертең құжаттарға сәйкес техникалық дефолт жарияланады. Бұл Мәскеу үшін 1918 жылдан бергі сыртқы қарыз бойынша алғашқы дефолт болмақ.

Bloomberg хабарлағандай, Moody's, Fitch және S&P халықаралық рейтингтік агенттіктері дефолт жариялауы керек еді. Бірақ енгізілген санкциялар салдарынан олар Ресей Федерациясымен жұмыс істеуді тоқтатуға мәжбүр болған. Облигация ұстаушылар өз қаржыларын қайтару үшін қосымшы уақыт беру туралы шешім қабылдаулары мүмкін.

Бұдан әрі жағдайдың қалай өрбитіні белгісіз. Өйткені нарық ерекше сценарийге тап болды – қарыз алушының облигациялар бойынша төлеу бойынша ниеті де, ресурстары да бар. Бірақ санкцияларға байланысты бұл мүмкін емес.

Еске салсақ, мамыр айының соңында АҚШ Қаржы министрлігі Мәскеуге сыртқы қарызға қызмет көрсету үшін төлемдер жасауға мүмкіндік беретін лицензияның күшін жойған болатын. Бұл құжат Батыс инвесторларына ресейлік облигациялар бойынша қарыз төлемдерін алуға мүмкіндік берді. Ал қолданыстағы лицензияның мерзімі наурыз айында басталып, 25 мамырда аяқталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама