×

Жетісайда ер адам әйелін өлтірді деген күдікке ілінді

Ол 14 маусым күні ұсталып, қамалды

 Қанат Атаманов 26.06.2022 | 22:00
Фото: ашық дереккөздерден

Шымкент қаласының Жетісай ауруханасына ес-түссіз жағдайда түскен әйел бір аптадан кейін көз жұмды.

Оқиға туралы Жетісай аудандық Полиция бөліміне жедел жәрдем қызметінің мамандары қоңырау соғып, жас әйелдің соққыдан, түрлі дене жарақатымен ессіз-түссіз ауруханаға жеткізілгенін туралы хабарлаған.

Адам өліміне алып келген қайғылы жағдай бойынша әйелдің күйеуі күдікке ілінді. Ол 14 маусым күні ұсталып, қамалды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр, - делінген полиция хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама