Air Astana рейстері кешігіп жатыр
Ұшақтардың бірінен ақау шыққан
Жексенбі, 26 маусымда Air Astana әуе компаниясының бірнеше рейсі ұшақтардың бірінің ақауына байланысты кешігіп жатыр.
KC 127/128 Алматы – Ташкент – Алматы, KC 953/954 Алматы – Нұр-Сұлтан – Алматы және KC 859/860 Алматы – Ақтау – Алматы рейстері кейінге қалдырылады деп күтілуде. Рейстер кешігуінің орташа ұзақтығы шамамен 3 сағат.
Алдағы рейстер туралы мәліметті әуе компаниясынның сайтынан көруге болады.
Өтемақы туралы мәселелері бойынша жолаушыларға қолдау көрсету орталығына хабарласуға болады.
Басқа мәселелер бойынша:
Жазғы навигация кезеңінің басталуы және ковид шектеулерінің алынып тасталуына байланысты жолаушылар ағыны өсті. Алайда халықаралық әуежайларда қызметкерлердің, операциялық қуат пен жабдықтың тапшылығы проблемасы шиеленісе түсті. Соның салдарынан дүние жүзіндегі көптеген әуе компанияларының кестені сақтауы төмендегенін байқап отырмыз. Осыған байланысты техникалық себептерге байланысты рейстердің кешігуі жағдайды одан бетер ушықтырып жатыр. Дегенмен біз үшін қауіпсіздік бірінші кезекте тұр, сондықтан әуе акомпаниясы ұшуға толығымен жарамды ұшақтарды ғана рейске шығарады. Қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз және Air Astana командасы тәртіпті жақсарту бойынша жұмыс істеп жатыр деп сендіреміз, - деп түсіндірді Air Astana жерүсті қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Александр Небога.
Тасымалдаушының кінәсінен рейс тоқтатылған немесе кешіктірілген немесе орындалмаған, әуе кемесінің кешігіп келуіне байланысты рейс тоқтатылған, тасымалдау бағыты өзгерген жағдайда тасымалдаушы жөнелту және аралық пункттерде жолаушылар үшін мына қызметтерді ұйымдастырады:
- егер рейстің кешігуі екі сағаттан астам болса, тасымалдаушы салқын сусындар және халықаралық байланыс желілері арқылы орындалатын және бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электрондық хабарламамен қамтамасыз етеді;
- төрт сағат немесе одан да көп уақытқа кешігу кезінде тасымалдаушы ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Әрі қарай күндізгі уақытта алты сағат сайын, түнде сегіз сағат сайын ыстық тамақ беріледі;
- егер рейстің кешігуі күндіз сегіз сағаттан, түнде алты сағаттан көп болса, әуе компаниясы ұсынған қонақүйде тұруды және әуежайдан қонақүйге және кері тассымалдауды ұйымдастырады;
- тасымалдаушының кінәсінен он сағаттан астам уақытқа рейс тоқтатылған немесе кешіктірілген жағдайда, жолаушының таңдауы бойынша тасымалдаушы жолаушыны билетте көрсетілген орынға дейін жақын уақыттағы рейспен тасымалдауды қамтамасыз етеді немесе жолаушыға билеттің толық құнын қайтарады;
- әуе компаниясының кінәсінен жолаушыны тасымалдау кешіктірілген жағдайда, егер әуе компаниясы кешігу еңсерілмейтін күш салдарына байланысты болғанын дәлелдей алмаса, компания жолаушыға әрбір жолаушы үшін билет құнының 3 проценті мөлшерінде айыппұл төлейді. Өндірілетін айыппұл сомасы сатып алынған билет құнынан аспауы керек.