×

Юрий Шатуновтың денесін өртеп, күлін ғана көмеді

Қазір туыстары оны жерлеуге дайындалып жатыр

 Халық үні 26.06.2022 | 16:44
Фото: ашық дереккөздерден

Танымал әншінің жанкүйерлері мен достары 23 маусымда инфаркттан қайтыс болған Юрий Шатуновтың өліміне әлі де сенер емес.

Жерлеу рәсімі Мәскеудегі Троекуровский зиратында өтеді. Оған дейін 48 жастағы Юрий Шатуновтың денесі өртеледі.

Юрий Шатуновтың денесі өртеледі. Одан қалған күлі 28 маусымда Троекуровский зиратына қойылады, — деп хабарлады әншінің жақындары.

Азаматтық жерлеу рәсімі 26 маусымда Троекуровский зиратының аза тұту залында өтеді. Онда әйгілі әншімен қоштасқысы келетіндердің бәрі келе алады.

Әйгілі "Ласковый май" тобының әншісі 48 жастан асқан шағында жүрек талмасынан көз жұмған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама