Halyq Uni логотип
×

Үкімет «қартайып барады»: Қазақстандағы министрлердің орташа жасы анықталды

Үкіметтің жаңа құрамында жасы ең үлкені - Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев

 Халық үні 19.01.2022 | 11:29
Үкімет «қартайып барады»: Қазақстандағы министрлердің орташа жасы анықталды
көрнекі фото: akorda.kz

11 қаңтар күні Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты тағайындады. Сол күні Үкіметтің жаңа құрамын бекітіліп, министрлердің көбі өз орнында қалды.

Бірқатар ведомствоға жаңа басшы тағайындалды: Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Энергетика министрі Болат Ақшолақов, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров, Әділет министрі Қанат Мусин, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.

Ranking.kz мәліметі бойынша, Қазақстан үкіметіндегі министрлердің орташа жасы шамамен 48,9 жасты құрады (бір жыл бұрын ол 48 жас).

Үкіметтің жаңа құрамында жасы ең үлкені - Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев (59 жас);

Ең жас министр - Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров (38 жас).

ЕАЭО-ның басқа елдерінде министрлердің орташа жасы мынадай:

  • Ресей - 53,6 жас;
  • Беларусь - 51,2 жас;
  • Қырғызстан - 50,7 жас;
  • Армения - 45,7 жас.

Жалпы алғанда, ЕАЭО елдерінің барлық министрлерінің орташа жасы - 50,5.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама