Иран мен АҚШ ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерге қайта кіріседі
Бұл туралы ЕуроОдақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары комиссар Жозеп Боррель мәлімдеді
«Хабар 24» мәлімдеуінше, тараптар таяуда бас қосуға уағдаласқан. Келіссөздердің тоқтап қалғанына 3 ай болған Жозеп Боррель жұмысты жаңғыртатын кез келді деп есептейді.
Ал Иран үкіметі мәміле жасау үдерісіне сақадай сай екенін мәлімдеді. Ресми Тегеран АҚШ келіссөздерді аяғына жеткізу үшін нақты қадамдарға баратын шығар деген сенім білдірді.