Оқыс оқиға Бурабайдағы Үлкен шабақты көлінде болған
Оқиға Бурабайдағы Үлкен шабақты көлінде болған. Көл жағасында демалмақ болған үш жас қыз суға түсіп, жағадан алыстап кеткен. Қыздарға көмек керегін түсінген демалушылар оларды құтқарып қалды.
Екі қызды бірден құтқарып, үшінші 14 жастағы қыз судан шығарылғанда ес-түссіз болған. Демалушылардың бірі оған алғашқы медициналық көмек көрсетіпті.
Судан алып шыққан кезде, қыздың жүрек қағысы әлсіз болды. Ол «өкпенің ісінуі» диагнозымен аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді, — деп мәлімдеді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.